» » Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айттыДепутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты деп хабарлайды nur.kz
"Әр қазақстандыққа тегін жер телімі берілсін" деп жұрт шу шығарған соң, президент арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырғаны естеріңізде болар. Үш айдан кейін "Нұрлы жерді" үкіметте таныстырған министрлік бүгін бағдарламаны депутаттар алдына алып келді.

Мәжілісмендер құжатқа қарсы емес, бірақ бір қауіптің барын айтып қалды. Сондай-ақ,жаңа жылдан кейін  депутаттар ел-жұртты өздері  аралап,  бағдарламаны халыққа өзіміз түсіндіріп береміз деп білек сыбанып отыр.
Елде 2 жарым миллионға жуық адам үй-күйсіз. Жартысынан көбі тегін телімге телміріп, жер үй сұрап отырса, қалған 1 миллиондайы пәтерге дәмелі. Жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бұқара ипотеканы енді 10 пайызбен ала алады.
Ай сайын Астана мен Алматы тұрғындары баспанасы үшін 160 мыңдай төлесе, өзге өңірдегілер 115 мың банкке беріп отырады. Министрлік су тегін деген соманы естіген депутаттар дүрсе қоя берді.
"Қолжетімді дегенге мен сене алмаймын. Мұғалімдер мен дәрігерлердің орташа жалақысы 70 мың теңгенің көлемінде болса, ай сайын 200 мың теңгені халық қайдан алады? Салып жатқан үйлерінің де сапасы жоғары емес", - деп өз пікірін білдірді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаева. 
Жалпы бағдарламаға 1,8 трлн теңге жұмсалады. Орындалу ойдағыдай болса, үй-күйсіз жүрген 2 жарым миллион адамның 1 жарымы баспаналы болып қалмақ.



Просмотров: 423
Похожие новости:
Этиканы бұзған депутаттар жазаланатын болды

Этиканы бұзған депутаттар жазаланатын болды

Этиканы бұзған депутаттар жазаланатын болды. ҚР Парламентi Мәжiлiсi төрағасының жанынан депутаттық әдеп кеңесi құрылып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi....
Депутаттар бас ауруға айналған бюджетті қайта есептеп жатыр

Депутаттар бас ауруға айналған бюджетті қайта есептеп жатыр

Депутаттар еліміздің алдағы үш жылдың табысы мен шығынын  қайта санауға кірісті. Мәжіліс басты қаржылық құжатты бір айдың ішінде қарап шығып, түзетулер енгізуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы....
Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасының қолға алынатынын мәлімдеді. Аталған бағдарлама аясында бос жатқан жерлерге...
«Нұрлы жер» - Жер комиссиясының бір жеңісі

«Нұрлы жер» - Жер комиссиясының бір жеңісі

Бүгін жер саласындағы маңызды бір мәселенің түйіні көрінді. Үкіметтің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент 10 сотық жерде жеке үйді салуға жағдай жасайтын «Нұрлы жер» атты мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Жер кодексінің дау тудырған...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Орталық жаңалықтары
Әсем Астана