» » ҚР Қорғаныс вице-министрі Канада елшісімен кездесті

ҚР Қорғаныс вице-министрі Канада елшісімен кездесті

ҚР Қорғаныс вице-министрі Канада елшісімен кездестіБүгін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров Қазақстан Республикасындағы Канада елшісі Шон Стайлмен кездесті.

Кездесуде әскери-техникалық ынтымақтастық пен әскери білім беру мәселелері талқыланды. Генерал-майор Талғат Мұхтаров Қазақстан қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің белсенді дамуы, шет елдердің қатысуымен әскери мақсаттағы өнімді шығару бойынша бірқатар жаңа кәсіпорындардың құрылуы, оның ішінде, ағымдағы жылдың наурызында құрылыстың басталуына ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жол ашқан тұңғыш қазақстандық патрон зауыты туралы әңгімелеп берді.
«Бәлкім, мамандарыңызды қару-жарақ пен әскери техника өндірісі саласында жоғары заманауи стандарттарға сай келетін қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің өнімі қызықтыруы мүмкін. Байланыс орнатып, өзара тиімді ынтымақтастықты ретке келтіруге қуанышты боламыз», - деп Т. Мұхтаров атап өтті.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің орынбасары ҚР Қарулы Күштерін дамыту басымдылықтарының қатарында тұрған даярлау мен білім беру жүйесін жетілдіру туралы айтып берді. 1995 – 2016 жылдар аралығында Сен-Жан қаласының Квебек провинциясында Канада ҚК тіл мектебіндегі ағылшын тілі курсында ҚР ҚК-нің 21 әскери қызметшісі оқудан өткенін айта кетейік.
Қазақстандық әскери қызметшілердің шетелде тілді оқып-үйренуі Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастығының басты басымдықтарының бірін іске асыруға – бітімгершілік әлеуетті дамытуға жауап береді. Одан басқа, ҚР-дағы Канада елшісіне Қазақстанның әскери қызметшілері, НАТО елдерінің өкілдері мен серіктестердің қатысуымен әртүрлі өңірлік және халықаралық семинарларға, курстарға және конференцияларға канадалық өкілдердің қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Просмотров: 257
Похожие новости:
Елбасы Қазақстан мен Молдова арасындағы реадмиссия туралы келісімді ратификациялады

Елбасы Қазақстан мен Молдова арасындағы реадмиссия туралы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэрмен кездесті

Қазақстан Президенті Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэрмен кездесті

Кездесуде инвестиция саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті ұсынған іс-қимыл бағдарламасы елімізге әлемдік экономикада қалыптасқан ахуалды тиімді...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Орталық жаңалықтары
Әсем Астана